KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
443.16 480.39 4.94

ШҚО ардагерлеріне 1,2 миллион теңге аударылады

5.05.2020, 10:23 140

Ұлы Жеңіс Күнінің 75 жылдығына орай «ШҚ АЭК» АҚ және «Шығысэнерготрейд» ЖШС тобы соғысы ардагерлерінің шоттарына 1,2 млн. тенге аударады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жыл сайын ұйымдастырылатын акция «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ШҚО бойынша филиалының және «Шығысэнерготрейд» ЖШС қатысуымен өтеді.

«АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС ардагерлерге электр энергиясын үш айдың ішінде – сәуір, мамыр, маусым айларына төлеп береді. 

- «1 200 000 теңге — бұл сома, соғыс ардагерлерінің электр энергиясы үшін орташа үш айлық тұтынуына тең келеді. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында 7500 теңге мөлшеріндегі сома «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің тұтынушысы болып табылатын және ШҚО аумағында тұратын әр ардагерге аударатын боламыз. Батырлардың ерлігін жадымызда сақтау, әр ардагерге ерекше көңіл бөлу және қамқорлық көрсету — біздің борышымыз»- дейді «ШҚ АЭК» АҚ Басқарма Төрағасының электр энергиясын сатып алу және тарату жөніндегі орынбасары Глибина Ирина Геннадьевна.

Айта кетсек, ШҚО аумағында 160 ҰОС ардагері тұрады. Олардың арасында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылар, бұрынғы концлагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, сондай-ақ, блокадалық Ленинград тұрғындары да бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив