Полиция вирустан қорғайтын костюм киеді – ШҚО
Өскемен мен Семейдің бақылау-өткізу бекеттеріндегі полиция қызметкерлері қорғаныш костюмдарымен қамтамасыз етілді. Бұл киімдер бірнеше рет киуге жарайды.
– Полиция қазіргі уақытта медицина қызметкерлерімен бірге алдыңғы шепте жүр. Олар да адамдармен тікелей байланысқа түседі. Сол себепті олар қорғаныш костюмы және қажетті басқа да заттармен толықтай қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, олар отырған аумақ жиі дезинфекцияланады. Тағы бір айта кетерлігі, полиция қоғамның тыныштығы үшін қылмыскерлермен де белсенді күресіп жатыр, – дейді полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.
Департамент ақпаратынша, облыста былтырғымен салыстырғанда аса ауыр қылмыс 16%, ауыр қылмыс 26% азайған. Ал ауырлығы орташа қылмыстар саны екі еседей азайған.