KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

CALL-орталығының 230 қызметкері үйде жұмыс істейді

18.04.2020, 08:00 172

Төтенше жағдай кезінде медициналық-санитарлық қызметтермен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО филиалының колл-орталығы үздіксіз жұмыс істейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Филиалдың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, күніне екі жүзден астам қоңырау келіп түседі.

Арасында түсініксіз сұрақтар,  өтініштер кездеседі. Мысалы,«үйде медициналық масканы қалай тігуге болады» немесе «қызметтерді алу үшін үйге ноутбук алып келуін сұрайтындар бар екен.

Қашықтағы форматқа көшу туралы шешім халыққа қажетті мемлекеттік қызметтерді тезірек алу үшін қабылданды. Қашықтан жұмыс істейтін мамандар, байланыс орталығындағы әр байланысушыға қол жетімді тәсілмен көмектесуге және кеңес алуға тырысады.

Айта кетейік, соңғы үш күнде қазақстан бойынша колл-центрге 29 291 қоңырау түскен, оның ішінде 3506 қоңырауға ШҚО мамандары жауап берген. Бұл республика аумағында ең жоғарғы көрсеткіш.

Бүгінгі таңда "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалы 230 қызметкер колл-орталықта жұмыс істейді, 170 оператор үйден кеңес береді, азаматтарды мобильдік азаматтар базасында тіркеу үшін 60 оператор веб-камера арқылы кеңес беруде. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу