KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

«Жұмыс жоқ, ақша жоқ». Семей тұрғыны көпірден секірмек болды

15.04.2020, 08:35 103

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар көпірден секірмек болған ер азаматты аман алып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

13 сәуір күні қызмет бабымен жүрген өрт сөндірушілер ескі көпірдің шетінде отырған әлдебір адамды байқап қалған. Көпірден секіруге оқталған ол мас болған, құтқарушылардың сұрағаны жөндеп жауап бере алмаған көрінеді. Майор Тоқтамысов пен лейтенат Төленбеков онымен сөйлесе келе, райынан қайтара алған.

Өзіне қол жұмсамақ болған азаматтың Семей қаласының 38 жастағы тұрғыны екені анықталды. Жұмысы  және күн көруге ақшасы жоқ екенін айтып шағымданған көрінеді.

Қала тұрғынына дәрігерлер психологиялық көмек көрсетті. Осыдан кейін құтқарушылар оны полицияның қолына тапсырды. Ары қарай тәртіп сақшылары тиісті шараларды жүзеге асырады.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив