KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Өскемен тұрғыны көпірден секірмек болған егде адамды құтқарып қалды

1.04.2019, 08:04 192

 

Өскемен тұрғыны көпірден секірмек болған егде адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға  30 наурыз күні болған. Таңертең жұмысқа бара жатқан Ольга Кретова Үлбі көпірінен секірмек болып тұрған егде адамды байқаған. Ольга еш ойланбастан ол адамға жақындап келіп, райынан қайтара бастаған. Осы сәтте өзге де куәгерлер «102»-ге қоңырау шалып үлгерген екен. Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшыларымен Ольгамен бірге тұрғынды аман алып қалды.   

 

– Адамның өмірі қымбат қой. Оған тең келер ештеңе жоқ деп ойлаймын. Менің орнымда кім де кім болса да, осылай жасар еді, – деп Ольга Кретова.

 

Полиция басқармасының басшылығы Кретованың ерлігін жоғары бағалап, алғыс хатпен бірге сыйлық табыс етті. Сондай-ақ, басқарма басшысы Дәуір Болатұлы оқиға орнына жедел жетіп, адам өмірін сақтап қалуда кәсібилік танытқан полиция қызметкерлерін өз құзыретінде көтермелейтінін айтты.

 

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив