KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
529.7 545.96 5.17

Коронавирус: Өскемендегі науқас туралы ресми мәлімдеме

3.04.2020, 04:23 111

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан COVID-2019  вирусын жұқтырған Өскемен қаласының тұрғынына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, науқас 1 сәуір күні дәрігерлер көмегіне жүгінген.

«Ол 1938 жылы туған, әйел адам.  Ауруханаға  жеткізе салысымен науқасқа рентгенологиялық зерттеулер жасалып,  «пневмония» диагнозы қойылды. Арнайы алгоритмдерге сәйкес  біз пневмонияға шалдыққан пациенттерге  коронавирусқа  қатысты  тест жасауға міндеттіміз. Тест оң нәтиже көрсетті.  Қазір науқаспен жақын қатынаста болған 198 адам анықталды. Олардың  барлығы оқшауланды. Палатада бірге жатқан 4 адамның үшеуінен ауру белгілері табылған жоқ, төртіншісін әлі тексеріп жатырмыз»,-деді  Ілияс Мұхамеджан.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы келтірген тағы бір аргумент:  коронавирус жұқтырған науқас қаңтар айында Ресей Федерациясына барып қайтқан.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу