Мұнай бағасы барреліне 10 долларға дейін арзандауы мүмкін
Сәуір айында мұнай бағасы барреліне 10 долларға дейін арзандауы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ProFinance.ru сайтының ақпараты бойынша, мұндай болжамды IHS Markit сарапшылары жасап отыр. Сәуір мен маусым аралығында әлемдік сұраныстың төмендеуі кезінде мұнай өндірісі тәулігіне 10 млн баррельге азаяды деп болжайды сарапшылар. Brent маркасының бағасы барреліне $ 10-ға дейін түседі.
Бұл жағдай әлемнің барлық елдерінде болады және ол коронавирустық пандемияға, сақтау қоймаларының толтырылуына байланысты екен.
Оқи отырыңыз