KZ
Өскемен
-27°
плотный туман Штиль
520.27 537.65 5.24

Еуропаның ең соңғы еліне коронавирус жетті

18.03.2020, 03:49 58

Еуропаның осы уақытқа дейін коронавирус тіркелмеген жалғыз елі бар еді. Алайда бүгін Черногорияда COVID-19 жұқтырған екі адам анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Соңғы жаңалықтарға сүйенсек, бұл туралы аталған елдің премьер-министрі Душко Маркович үкіметтің Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеген. Коронавирусты 1948 және 1973 жылғы екі әйел жұқтырған. Екеуі де бұған дейін вирус анықталған елдерде болған көрінеді. 

"Барлық қалааралық және қалалық желілерде жолаушыларды тасымалдау тоқтатылады. Ел ішіндегі теміржол қатынасы тоқтатылады. ІІМ мен жылжымайтын мүлік басқармасының қабылдау және операциялық залдары жабылады. Барлық спорттық нысан мен бассейндер, косметикалық және шаштараз салондары жабылады, Босния мен Герцеговина және Сербиямен шекарада бақылау өткізу бекеті жабылады", - деп мәлімдеді Черногория үкіметі.

Сондай-ақ дүйсенбі Черногория шетелдіктер үшін шекараны жауып, әуе, теміржол және автобус қатынасын тоқтатқанын айта кетейік.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу