ШҚО-да коронавирус жұқтырған үш адамның бірі – жүкті әйел
Бүгін Шығыс Қазақстан облысында үш адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болатын. Ауырғандардың үшеуі де Семей тұрғындары және оның ішінде жүкті әйел бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– 1953 және 1973 жылы туған екі әйел адам науқастанды. Сондай-ақ 1997 жылғы үшінші әйелден жүктілік бойынша мониторинг жүргізу кезінде қауіпті инфекция анықталды, – деп жазылған ШҚО әкімдігінің Instagram парақшасында.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
14 мамырдағы жағдай бойынша аймақта COVID-19-дан 55 адам анықталды. Жазылғандар –15 адам.
Оқи отырыңыз