Қазақстанда коронавирус жұқтырған үшінші адам тіркелді
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұған дейін, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келгенін мәлім етті.
Сонымен қатар коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматтарымен бір бортта болған жолаушылар карантинге жатқызылатыны айтылды.
Министрдің айтуынша, науқас әйел 12 наурызда Италияның Милан қаласынан келген.
Оқи отырыңыз