KZ
Өскемен
-11°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Италияда коронавирус көрсеткіші төмендей бастады

31.03.2020, 04:28 171

Италияда коронавирус көрсеткіші төмендей бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
РИА Новости-дің деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асты, сондай-ақ бір түнде 892 адам қайтыс болған. Алайда елдің азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Бореллидің айтуынша, елдегі вирус жұқтыру бойынша рекордтық төмен көрсеткіш тіркелген.  

– Бүгінде барлығы 75 528 науқас тіркелді. Бір тәулікте 1648 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, – деді Борелли. 

Оның айтуынша, соңғы 13 күнде вирус жұқтырғандардың саны тәулігіне 3 мыңнан түспеген. 10 наурыздан бері мұндай төмен көрсеткіш тіркелмеген көрінеді.  

Жазылып шыққандар саны 1590 адамға артып, 14 620 болды, Бұл – эпидемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш, – деп мәлімдеді Борелли. 

Жалпы Италияда қайтыс болған және емделіп шыққан науқастарды қосқанда осы уақытқа дейін 101,7 адам коронавирусты жұқтырған. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу