Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасайды
16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизия арқылы үндеу жасайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Мемлекет басшысы еліміздің барлық аумағында наурыздың 16-сы, сағат 08:00-ден 15 сәуір күнгі сағат 07:00-ге дейін төтенше жағдай енгізілгенін еске саламыз.
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін Мемлекеттік комиссия құрылып отыр. Оған Премьер-Министр, бірқатар жоғары мемлекеттік орган басшылары кіреді.
Оқи отырыңыз