KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Даниал Ахметов іссапарларын тоқтатты

13.03.2020, 11:32 155

ШҚО әкімі Даниал Ахметов іссапарларын тоқтатты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аймақ басшысы наурызда Зайсан, Үржар, Күршім аудандарының тұрғындарымен кездесуге тиіс еді. Алайда коронавирустың алдын алу шараларына байланысты бұл іссапарлар уақытша кейінге шегерілмек.

- Құрметті Зайсан, Үржар, Күршім аудандары мен Марқакөл тұрғындары! Осы ай ішінде мен сіздермен арнайы кездесіп, шекара маңындағы аудандарды дамытуға арналған бағдарламаны талқылауымыз керек еді. Алайда, коронавирустың алдын алу шараларын күшейту бойынша қабылдаған шешімге сай, біздің кездесулеріміз уақытша кейінге шегерілді. Жағдай тұрақталған соң менің жұмыс сапарларым осы аудандардан басталады. Кездесеміз, көкейдегі барлық мәселені ашық талқылаймыз, - дейді Даниал Ахметов.

Әзірше шекара маңындағы аудандарды дамыту туралы туындаған барлық сұрақтарды әкімнің инстаграм мен фейсбуктегі жеке аккаунтарына жолдауға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив