Қазақстанда бүгін коронавирус жұқтырған екі азамат тіркелді
Қазақстанның екі азаматынан коронавирус анықталды. Олар ел аумағына Германиядан келген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Тенгриньюске сілтеме жасап.
– Баршаға белгілі біз індетпен үш ай бойы күрестік. Вирус ел аумағына енбес үшін барлық шараларды жасадық. Алайда бүгін екі азаматымыздың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Қазір олар стационарда. Екеуінен де клиникалық белгілер анықталмады. Әзірше халдері төмен емес. Барлық тиісті шаралар жасалып жатыр, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бұл азаматтар карантиндік стационарға жатқызылған. Қазір барлық шара бекітілген алгоритм бойынша жүргізіліп жатыр.