KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
478.54 533.76 5.17

ШҚО-да мүгедектер мәселесі көтерілді

19.04.2019, 13:28 155



Бүгін  облыс әкімдігінде Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді,  деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жиынға бейнережим арқылы барлық облыстармен Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары әкімдерінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасарлары қатысып отырды.


Жиынға вице-пермьермен бірге еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі БердібекСапарбаев, білім министрі Күләш Шәмшиденова, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысты.


Елімізде 2012-2018 жылдарға мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары қабылданып, осы уақыт кезеңінде табысты іске асырылып шыққан. Жоспар қабылданған 2012 жылдан бері ел Үкіметі республикадағы түрлі деңгейдегі үкіметтік емес ұйымдармен жұмыла отырып, аталмыш маңызды іс-шараларды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келді. Атқарылған шаралардың ауқымына және тиімділігіне қарамастан, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері толық шешілді деп айтуға әлі де ерте.


Жиында вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова елімізде мүгдектердің алдында тұрған кедергілердің көп екенін алға тартты.

Солардың ең негізгісі – кәдімгі физикалық барьерлер, азаматтардың аталмыш санаты қоғамдық көліктерге мініп-түсуде, түрлі ғимараттарға кіруде, жоғары қабаттарға көтерілуде бірқатар қиындықтарға тап болып жатады.


–ЕліміздіңТұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздерге осы жылдың 1 маусымына дейін мүгедектерді әлеуметтік тұрғыда қорғау, олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітуді қадап міндеттеген болатын-ды. Аталмыш құжат осы жылдан 2025 жылға дейінгі мерзімді қамтуы тиіс. Біз қазір осы бағытта қарқынды жұмыс жүргізіп келеміз, қабылданатын іс-шаралар жоспары тиімді әрі жан-жақты болуы қажет. Оларды атқаруға жұмсалатын қаржы қазынадан қарастырылған, – деді осы ретте Гүлшара Наушақызы


Жиында сөзалған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев 2012-2018 жылдарды қамтыған іс-шаралар жоспарының тиімді орындалып шыққанын атап көрсетті. Аталған жоспар толыққанды іске асырылып , бөлінген қаржы – 17 миллиард теңге игеріліп отыр.


Осы жылдар ішінде атқарылған іс-шараларды атап айтар болсақ, еліміз бойынша 15 инватакси қызметі құрылған, олардың қарамағындағы 280 көлік мүмкіндігі шектеулі азаматтарды үйлерінен әлеуметтік мекмелерге дейін және кері бағытта тасымалдаумен шұғылдануда. Сондай-ақ, республикалық және өңірлік телеарналарда сурдо аударма қызметі кеңінен енгізілді. Есту қабілеттері нашар адамдар үшін бұл– маңызды ақпарат алудың бірден-бір тәсілі. Мұнымен қатар, жоспар аясында әлеуметтік мекемелер ғимараттарына пандустар орнатылды, көшелер, қоғамдық орындар мүгдектер арбасының жүруіне ыңғайластырылды.


–Қазіргі кезде біз мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап кедергісіз орта құру мақсатындағы жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Министрліктің ресми интернет сайтында арнайы«Идеялар жәшігі» қызметі істеп тұр. Оған азаматтардан осы күнге дейін шамамен 400 ұсыныс-талап кеп түсті. Біз соларды саралап, жоспарды әзірлеудеміз. Ол негізгі 7 бағыттан тұрмақ. Жоспарда еліміз бойынша оңалту орталықтарының санын көбейту бар. Олардың құрылысына 64 миллиард теңге қарастырылған, – деген Бердібек Мәшбекұлы мүгедектердің 60 пайызы еңбекке жарамды азаматтар екенін айтты, оларды жұмыспен қамту – жоспардағы ең басты бағыттардың бірі.


Жиында Үкімет басшысының орынбасары өңірлерге осы іс-шаралар жоспарының жобасын тағыбір мәрте мұқият зерделеп шығу, тиімді ұсыныстар енгізу жөнінде тапсырма жүктеді.


Басқосуда баяндама жасаған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мүгедектерге медициналық көмек көрсету шаралары жайында мәлімет берді.  Оның айтуынша, еліміздегі мүгедек жандардың 26 пайызы жүрек-қан тамыры аурулары, 25 пайызы қатерлі ісік аурулары салдарынан аталмыш санатқа жатқызылған, үшінші орында –түрлі дене жарақатын алудан мүгедек атанған азаматтар. Яғни, мүгедектіктің алдын алуға әбден болады, ол үшін диагнозды ерте анықтау маңызды. Сонымен қатар, Қ азақстанда 2008 жылдан бері жүкті әйелдерге міндетті скрининг жүргізіліп келеді. Жатырда жатқан шарананың кінәраттары алдын ала анықталуда, нәтижесінде туабітті мүгедек балалардың үлесі кеміген. Мұнымен қоса, 17 жасқа дейінгі балаларды толық медициналық бақылаудан өткізу қолға алынды.


–Науқастардың ауруларын асқындыртуға жол бермеу, оларды сапалы емдеу де – мүгдектер санатындағы азаматтар санын кемтудің бірден-бір жолы, – деді осы орайда Елжан Біртанов.


Вице-пермьер елімізде мүгдектердің жалпы саны 680 екенін алға тартып, олардың санын азайту –алда тұрған басты міндеттердің бірі екенін қадап айтты.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтендіру, оларды қоғамның толыққанды өкілі ретінде қалыптастыру – аса маңызды. Бұл ретте оларға арнайы, яғни инклюзивті білім беру саласының атқарар рөлі ерекше. Осыған орай білім министрі Күләш Шәмшиденова мәлімет берді.


Ведомство басшысының айтуынша, еліміздегі балабақшаларда инклюзивті топтар құрылуда, сонымен қатар тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға көңіл бөлінуде Орта білім бойынша 99 арнайы мектеп жұмыс істеп тұр. Көптеген орта оқу орындарында арнайы сыныптар ашылған. Бұл салада жаңа оқулықтар әзірленп жатыр, тағы да мұғалімдердің құзіреттіліктерін арттыру шаралары көзделген. Колледждердің 30 пайызында арнайы білім қажеттіліктері бар білім алушыларға арналып жағдайлар жасалған. Жоғары оқу орындарында 1600 мүгдек студент білім меңгеруде. елдегі 70 университетте мұндай балаларға білім беру жағдайы жасалған.


–Біз бұған дейін еліміздің 12 облысында болдық, Шығыс Қазақстан – біз келіп тұрған 13 ші өңір. Барлық жерде аталмыш мәселенің өткір тұрғанына куә болып жүрміз. Мүгедек азаматтар үшін кедергісіз орта құру – баршамыздың ортақ міндетіміз. сіздер шетелдерде жиі боласыздар, АҚШ-та, Еуропалық одақта мүгедектер үшін қандай жайлы жағдайлар жасалғанын өз көздеріңізбен көріп жүрсіздер. Біздің елімізде де дәл сондай сапалы жағдайлар болуы тиіс. Осы ретте атап айтқым келетіні, Өскемен қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Ақниет» мектеп-интернаты өте тиімді жұмыс жүргізіп келеді. Бұл жерде балалар болашақ мамандық меңгеруді бастайды. міне, осындай білім ордалары еліміз бойынша көптеп ашылуы керек, –деген Гүлшара Әбдіхалықова осы сәуір айының 26-сына дейін мүгедектерді әлеуметтік қорғауға бағытталған іс-шалар жоспарына ұсыныстар енгізуді міндеттеді.
Жиында Өскемендегі «Қазақ саңыраулар қоғамы» және «Қазақ зағиптар қоғамы» бөлімшелерінің жетекшілері сөз алып, өздерінің жұмыстары туралы айтып берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив