ШҚО полициясы мал ұрлаушыны қол түсірді
Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері мал ұрлаған ауыл тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тарбағатай ауданының 25 жастағы тұрғыны өз көлігімен облыс орталығын бетке алып келе жатқан. Алматы-Өскемен тасжолынның 970 шақырымында оны тәртіп сақшылары тоқтатты.
Полицияның мәлімдеуінше, көліктің жүк салғышынан тұтас бір жылқының еті табылған. Тергеу барасында белгілі болғандай, тарбағатайлық азамат күндіз Тайжүзген жайылымында өрістеп жүрген жылқылардың бірі ұрлап әкеткен. Іле-шала жылқыны сойып, етін өткізу үшін облыс орталығына келе жатқан беті екен.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті қылмысын мойындап, түсініктеме бергенін айта кетейік.