KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Қалың қазақ тұратын Өскемендегі жаңа ауданға аралас мектеп не керек?

3.03.2020, 05:25 605

Жуықта Өскемен әкімі Жақсылық Омар «КШТ» ықшам ауданында жаңа мектеп ашылатынын мәлімдеген. Ал облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова мектептің аралас тілде оқытатынын айтты. Алайда Фейсбук әлеуметтік желісінде аталмыш ауданның тұрғындары мектептің орыс-қазақ, яғни аралас тілді болатынына наразылықтарын білдіруде.

– 100 пайыз қазақтар тұратын КШТ-ға аралас мектеп не үшін қажет? Осы нысанның дәл жанындағы үйде тұрамын. Біздің үйде де, жанымыздағы көп қабатты үйлердің барлығында да 99,5 пайыз қазақтар тұрады. Андрей деген жалғыз орыс бар. Оның өзі де ауылдан көшіп келген, балалары қазақ балабақшасына барады, – деп жазды фейсбук қолданушысы Ермек Құрманғалитегі.

Ал Гүлбарам Кәрменова есімді Өскемен қаласының тұрғыны былай деп жазады:

- Аралас мектептің қазаққа,оның ұрпағына тигізген орасан зор зияны тіпті кеңес өкіметінің кезінде-ақ айтылған.Шырт жаңа ғып бұл пəлені қайдан тауып алды? Не таза орысша,не таза қазақша болсын ! Таза орысша болса сол маңдағы қазақтар жақын жер деп балаларын орыс мектебіне беріп жібереді-ау.Онсыз да сол маңдағы бала бақшаларда "қазақ тобында орын жоқ,амалсыз орысқа бердім,жұмысқа шығуым керек"-деген жас қазақ келіншектерін білемін...

Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, талай жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған ғимарат толық жөнделіп жаңа мектепке айналады. Білім ордасы шамамен, 700 балаға шақталады.

Алайда мектептің нақты қай уақытта пайдалануға берілетіні айтылмады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив