KZ
Өскемен
-22°
плотный туман жел 1 м/с, З
520.27 537.65 5.24

ШҚО білім сапасы бойынша төртінші – БҒМ

3.03.2020, 04:13 139

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мониторингіне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы оқушылардың білім сапасы бойынша төртінші орында тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл көрсеткіште 4, 9 және 11 сынып оқушыларының бағалары есепке алынды.

– Төртінші сыныптардың орташа балы – 22. Тоғызыншы сыныптарда 45, ал 11 сыныптарда 63,3 балл. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен жоғары, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Сондай-ақ білім басқармасының мәлідеуінше, облыс көлеміндегі оқушылар жыл сайын халықаралық және республикалық олимпиадаларда, ғылыми жобалар сайысында жақсы нәтиже көрсетуде. Соңғы үш жылда балалар 132 алтын, 186 күміс және 225 қола медаль жеңіп алған екен.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу