Жаңа оқу жылында қандай өзгерістер күтіп тұр?
Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңартылған мектеп бағдарламасына төртінші, тоғызыншы және оныншы сынып оқушылары көшеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Алдағы оқу жылының ең басты жаңалығы – 10 сынып оқушылары «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты жаңа пәнмен танысады. Білім министрлігі аталмыш пән жоғары сынып оқушыларының мамандықты дұрыс таңдауына мүмкіндік береді деп отыр.
Осы тұста айта кетуіміз керек, республика мектептерінде 12 жылдық білім беру құрылымын енгізу шеңберінде 2016 жылдан бастап 1, 2, 3, 5, 6, 7 және 8 сыныптарда орта білім берудің жаңартылған мазмұны енгізілді. Жаңа бағдарлама Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесіне сәйкес әзірленді.