KZ
Өскемен
-11°
туман жел 1 м/с, С
495.28 518.41 5.44

Өскеменде аз қамтылған отбасылар ай сайын азық-түлікпен қамтылады

1.03.2020, 14:09 293


Өскеменде аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар балаларға арналған азық-түлікпен және жуу-тазалау құралдарымен қамтылатын болады, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Мұндай арнайы жиынтықтар отбасындағы алты жасқа дейінгі әр балаға беріледі.

Әлеуметтік пакепент қаладағы 317 отбасы қамтылады. Азық-түлік - ай сайын, тұрмыстық химия құралдары – тоқсан сайын үлестіріледі екен.

Азық-түлік жиынтығына жарма, қауыз, сүт, макарон өнімдері, май, тәтті-тағамдар және баланың өсуіне қажетті басқа да азық-түліктер кіреді. Тұрмыстық химия жиынтығына: жуу-тазалу құралдары, тіс пастасы мен щетка, сусабын және крем. Бұл тізім әлеуметтік көмекті алушылардың қалауы ескеріле отырып, реттелетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу