KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

5 әлеуметтік топ. Азық-түлік алу үшін кімдерге ақша беріледі?

20.07.2020, 04:18 266

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шілде айында бірқатар азаматтарға азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін қаражат төлейтін болды. Қаражат 20 шілдеден бастап айдың соңына дейін банк карталарына түседі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш көмекке ие болатын 5 әлеуметтік топ анықталады. Жергілікті атқарушы органдар қолда бар деректер негізінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтық алуға тиісті адамдардың тізімін жасайды. Содан кейін оларға 2 айлық есептік көрсеткіш (5302 теңге) мөлшерінде төлем жіберіледі.

5 әлеуметтік топ:

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;

- медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

- медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;

- мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар;

- жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар жатады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу