KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

ШҚО-да көлік жолдары жабылып жатыр

27.02.2020, 04:07 376

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік жолдары жабылып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шығыс өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейді. Жолдар көктайғақ. Осыған байланысты Өскемен-Семей,  Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха тасжолдарында көлік қозғалысы тоқтатылды.

Көлік жолдары туралы толық ақпаратты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің сайтынан табуға болады.

Айта кетейік, Қазгидромет мамандары 27-28 ақпан күндері аймақта жауын-шашын мол түсетінін айтып, ескерткен болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу