ШҚО-да жанармай тиеген жүк көлігі жолдан «ұшып» кетті
![](/kz/uploads/posts/iblock/149/149d31542522d648ffa47f574d921f9b.jpg)
Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі жолдан «ұшып» кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полицияның деректеріне сәйкес, жанармай тасымалдаушы жүк көлігі Алтай қаласына бара жатқан. Жүргізуші рульге ие бола алмай қалған көрінеді.
– Зардап шеккендер жоқ. Өрт те шыққан жоқ. 47 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз