Бүгін Өскеменнің бірнеше көшесі жабық болады
Бүгін Өскеменнің бірнеше көшесі уақытша жабық болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Коммуналдық қызметкерлер қала көшелеріндегі қарды артып шығарады. Осыған байланысты 12.00-ден бастап мына көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылмақ:
Чехов көшесі: Нұрмағамбетов көшесінен М. Горький көшесіне дейін.
Горький көшесімен жүруге болады, тек Қайсенов көшесімен қиылысатын тұс жабық.
Крылов көшесі: Әуезов даңғылынан Лихарев көшесіне дейін жабық.
Оқи отырыңыз