Енді студенттің сынақ кітапшасы деген болмайды – БҒМ
Енді студенттер сынақ кітапшасын ұстамайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ҚР Білім және ғылым министрлігі студенттердің, магистранттардың және докторанттардың сынақ кітапшаларын пайдаланбай, тек транскрипке жүгіну туралы бұйрық шығарды.
«Бұл бюрократияны азайтады. Қазіргі уақытта кез-келген жоғары оқу орнының ақпараттық жүйесінде білім алушының оқу жетістіктері түгел тіркеліп отырады. Ол транскриптте көрсетіледі. Транскрипт студенттің сұранысы бойынша кез келген уақытта беріледі, – деп мәлімдеді БҒМ.
Министрлік бүкіл білім беру жүйесі онлайн-форматқа біртіндеп ауысатынын айтты.
Оқи отырыңыз