KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

ШҚО-да бірінші ауысым үшін сабақтар тоқтатылды.

12.02.2020, 04:29 271

Ауа райының нашарлауына байланысты ШҚО-да  бірінші ауысым үшін сабақтар тоқтатылды.

Өскемен (-28 градус аяз) мен Семей қалаларында (-23 градус аяз), Алтай, (-30 аяз) Бородулиха (-32 аяз) және Ұлан (-28 аяз) аудандарында, Курчатов қаласында (-23 аяз), сондай-ақ Жарма ауданының (-30 аяз) Жаңғызтөбе, Шуақ және Жарық ауылдарында 1-4 сынып аралығында сабақтар болмайды. Ал Шемонаиха, (-27 градус аяз), Көкпекті (-30 аяз), Бесқарағай (-28 аяз) аудандарында және Риддер қаласында (-27 аяз) 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайды. Зайсан ауданында көктайғаққа байланысты 1-11 сыныптар үшін оқу процесі тоқтатылды. Сондай-ақ Қарағанды облысының Шет ауданында 0-4 сыныптар оқымайды. Айта кетейік, синоптиктер бірнеше өңірде ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жариялаған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу