KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

ШҚО тас жолында жүк көлігі аударылып қалды

29.01.2020, 06:02 224

ШҚО-да жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Соңғы күндері қалың қар мен дауыл Шығыс жұртшылығын біраз әбігерге салды. Соңғы екі-үш күнде жолаушылар діттеген жерлеріне жете алмай жолда қамалып, төрт-түлік қар құрсауында қалып, малшылар болса бірінен соң бірі жоғалып жатты. Ал кеше Өскеменге бағыт алған жүк көлігі Бестерек-Тарғын тас жолында аударылып қалған. Жүргізуші жыдамдықты асырмағанын айтады. Аударылып қалған жүк көлігін ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері қайтадан жолға шығарысты. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив