ШҚО-да тас жолдар жабылды

ШҚО аумағында ауа райынының нашарлауына байланысты екі тас жол жабылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«ОблШығысЖол» КМК ақпараты бойынша, 13.30-дан бастап қар көшкінінің түсу қаупіне байланысты «Өскемен–Тарғын–Самар» тас жолының 88-145 шақырымындағы учаскесінде (ЖоғарыТайынты а. – Самар а.) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабық.
«Қазақавтожол» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, сағат 14.40-та «Омбы-Майқапшағай» республикалық тас жолының 587-733 шақырымындағы учаскесі (Павлодар обл.шек- Семей қ.) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.
Оқи отырыңыз