ШҚО-да тағы да жол жабылды
Шығыс Қазақстан аумағында ауа райы жағдайына байланысты бірқатар жолдар жабылды.
ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, бүгін Өскемен қаласында ауа температурасы -29 градусқа жетті. Осы ретте автожолдар тас жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Сағат 08:30-дағы жағдай бойынша 5 автожол жабылды.
Республикалық маңызы бар тас жолдар:
«Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары» тас жолының 6-166 шақырымындағы «Ушанов кенті – Алтай қаласы» учаскесінде, сондай-ақ «Омбы - Майқапшағай» тас жолының 1289-1321 шақырымындағы «Қаратал ауылы – ҚХР шекарасы» учаскесі жабық.
Облыстық маңызы бар жолдар: «Өскемен – Новотроицкое» және «Жоғарғы Тайынты – Самар ауылы».
Жергілікті маңыздағы тас жол: Алтайка - Чапаево (0-36 шақырымы).