KZ
Өскемен
-14°
переменная облачность жел 2 м/с, В
529.7 545.96 5.17

«Ертең дәл осы құдыққа баламыз құлап кетсе, кім жауап береді?» - Өскемен

26.01.2020, 05:20 157

Өскемендіктер балалары үшін алаңдайды. Өйткені сол баяғы құдықтардың аузы үңірейіп ашық жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы қала тұрғындары әлеуметтік желіде айтқан.

- Ульбинский ауданындағы «Фархат» дүкенінің маңында тереңдігі бес метрлік кәріз құдығы ашық жатыр. Ертең баламыз құлап кетсе, кім жауап береді. Мәселені дереу арада шешулеріңізді сұраймын, - дейді қала тұрғыны.

Ал «Өскемен Водоканал» мекемесі болса,

- Қар тазалау кезінде, құдықтың қақпағы сынып қалған. Әзірше біз құдықтың маңын қоршап қойдық. Қақпағын жақын арада орнатамыз, - дейді «Өскемен Водоканал» қызметкерлері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу