KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Автотұрақта тұрған көлікті ұрлап кетті - Риддер

23.01.2020, 04:02 137

Риддерде автотұрақта тұрған көлік жоғалып кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы ШҚО Полиция Департаменті мәлім етті.

19 қаңтар күні таңғы сағат 07:00 шамасында 102 каналына 41 жастағы Риддер тұрғыны шағым түсірді. Оның айтуынша, «Toyota Mark II» маркалы көлігін әлдебіреулер ұрлап кеткен. Келтірілген шығын мөлшері - 2 000 000 теңге. Жедел іздестіру шаралары барысында 37 жастағы жұмыссыз жүрген қала тұрғыны қолға түсті. Әзірше көлік арнайы автотұрақта. Аталған факті негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив