ШҚО-да тасжол жабылды
Шығыс Қазақстан облысында күн райы бұзылып, республикалық маңызы бар автокөлік жолы жабылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары демалыс күндері қалың қар жауып, жел күшейетіндігі туралы мәлімдеген еді. Аймақтағы жекелеген аудандарда күн райы күрт бұзылып үлгерді. Осы себепті «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» республикалық тасжолында көлік қозғалысы тоқтатылды.
– Өңір тұрғындарына алыс сапарларға шықпауға кеңес береміз, – дейді ТЖД өкілдері.
Оқи отырыңыз