Екінші аусымдағы оқушылар сабаққа бармайды – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысының қала-аудандарында қатты жел соғып, екінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайтын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, Семейде 1-9 сыныптар, Шемонаиха ауданында 1-11 сыныптар, Абай ауданында 1-11 сыныптар және 1-2 курстар оқымайды. Бұл жерлерде желдің жылдамдығы секундына 24 метрге дейін күшейген.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ТЖД 18 қаңтарда аймақта қалың қар жауып, боран соғатыны туралы дабылды ескерту жариялады.
Оқи отырыңыз