Қазақстан бала тәрбиелеу көрсеткіші бойынша соңғы орында
Қазақстан бала тәрбиелеу көрсеткіші бойынша соңғы орында, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазақстан «Бала тәрбиелеуге үздік елдер» рейтингісінде 73-орынға ие болды. Tengrinews.kz-тің деректеріне сәйкес, бұл ақпаратты US News басылымы ұсынған.
Аталмыш рейтинг сегіз түрлі көрсеткіштер бойынша анықталған: адам құқықтарының қорғалуы, отбасына құрмет көрсету, гендерлік теңдікке қол жеткізуге жұмылдырылған орта, бақыттылық деңгейі, табыс теңдігі, қауіпсіздік деңгейі, мемлекеттік білім беру мен денсаулық сақтау жүйесінің дамуы.
Рейтингтің үздік бестігіне Дания, Швеция, Норвегия, Канада және Нидерланды кірді. Финляндия, Швейцария, Жаңа Зеландия, Австралия және Австрия ондықтың сатыларын түгендеп тұр.
Қазақстан 73 елдің ішінен 73-ші орынға ие болды. Ал 2019 жылы еліміз 80 елдің ішінде 74-ші сатыдан көрінген еді.