KZ
Өскемен
-12°
ясно жел 1 м/с, З
497.26 525.21 4.97

Өскемендегі "аспаннан түсетін" ақын тағы да жұртты шулатып жатыр (ВИДЕО)

10.01.2020, 08:05 128

Өскеменде кемшіліктерді көзбе-көз, оқиға орнына барып тұрып сынап айтатын ерекше ақын бұл жолы қала көшелеріндегі ақ қар көк мұзды өлеңге қосты, деп хабарлайды, Алтайньюс тілшісі.

Әлеуметтік желілерде өзін «Ақынкелді» деген атпен таныстырған Аян Қалымбек есімді жігіт  қоғамдағы көзге ұрып тұрған кемшіліктерді осындай жолмен қалың көпшілікке жеткізіп жүргенін бұған дейін де жазған болатынбыз. Көктемде Өскемен вокзалындағы перрон мәселесін көтерген Ақынкелді, жолаушыларға қиындық тудырып тұрған дүниені азғана уақыттың ішінде шешкенін де айта кетуіміз керек. Ақынның аузынан шыққан сөз Жоғарғы биліктің құлағына жетіп вокзалға жедел түрде перрон жасалды. Автовокзалдағы касса мәселесін көтеріп, кейін бұл жерде де билет кезегі жылдамдай түсті. Ақынкелді сондай-ақ, Күршімдегі паром, Ахмердегі жол мәселесін де көтерген болатын.

Ол өзінің әлеуметтік желіге жариялаған кезекті видеосында былай деп жырлайды.

 

Өскемен осы міне - ақ қар көк мұз,
Бұрынғыдай тазалап жатқан жоқпыз.
Далаға камаз-камаз қар шығарып,
Торотуардың мұздарын шапқан жоқпыз.
Бір тірактір жүргізіп анда-санда,
Халыққа іс көрсетіп жатқан боппыз.
Акимат бізге былай деп тұрғандай:
"Сәл шыдап қаңтарды өткіз ақпанды өткіз".

Бәрі жақсы болған дейт баяғыда,
Күтсең егер көктемің де таяды да.
Өскеменнің көшесі ақ-қар көк мұз,
Ал күтпесең мұзға аяқ таяды да.
Сенсең енді ағайын өзіңе сен,
Қариялар сенсінші таяғына,
Бала-шаға сенсін тек аяғына.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу