KZ
Өскемен
-9°
туман Штиль
497.26 525.21 4.97

Аспаннан "түсетін" Ақынкелді Ахмердің жолын айтып-айтып тастады (ВИДЕО)

24.09.2019, 10:02 280

Өскеменде кемшіліктерді көзбе-көз, оқиға орнына барып тұрып сынап айтатын ерекше ақын пайда болғаны туралы Алтайньюс порталында бірнеше рет жазған болатынбыз.

Әлеуметтік желілерде өзін «Ақынкелді» деген атпен таныстырған Аян Қалымбек есімді жігіт бұдан былай қоғамдағы көзге ұрып тұрған кемшіліктерді осындай жолмен қалың көпшілікке жеткізгісі келетінін айтады.

Иығында шапан, қолына домбыра ұстап «аспаннан түсетін» ақын. Ахмердегі жөнделіп жатқан жолдың бойында жүр. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеоларға қарасақ Ақынкелді көзге ұрып тұрған нағыз әлеуметтік мәселелерді көтереді екен. Бұл жолы оның нысанасына Тоғас көшесіндегі қиюы кеткен жол ілініпті. Тағы бір ескерте кететін дүние  - видео жаз айларының бас кезінде түсірілгенге ұқсайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу