Семейліктер «Жылукоммунэнерго» мекемесіне наразы
Иә, тұрғындардың жылу беру мекемесіне деген өкпелері қара қазандай. Бірі үйіміз суық деп шағынса, енді бірі жылу үшін әдеттегіден көп ақша төлеп жүрміз дейді. Алайда аталмыш компания бұл пікірмен келіспей отыр. Олардың айтуынша, жылу тарифі өспеген.
- Монополияға қарсы комитеттің ұсынуымен, біз қараша айының көрсеткішін айдың аяғында емес, 20-да алдық. Яғни, қараша айындағы түбіртек жиырма күндікі. Қалған 10 күн желтоқсан айына қосылды. Желтоқсанның 26-сы біз есептегіштің көрсеткішін дайындадық. Желтоқсанға қараша айының 10 күні қосылғандықтан, төлем мөлшері өткен айдан көбірек шықты. Біз ешкімге артық ақша қосқан емеспіз, - дейді «Жылукоммунэнерго" КМҚК жылу инспекциясының бастығы Жұман Мусин.
Айтпақшы, мамандардың сөзіне сенсек, былтырғы төлемнің қорытынды сомасы өткен жылмен салыстырғанда арзанға шыққан. Оның себебі - температуралық режим.
⠀