"Енді қала тұрғындары үйіміз суық деп шағымданбайды" - Семей
Қарағайлының тұрғындары енді үйіміз суық деп шағымданбайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл турлы қалалық ТҮКШ бөлімінің мамандары мәлім етті.
Қала бойынша жылу беру қазанның бірінен бастап іске қосылған болатын. Алайда, Қарағайлы ауданына жылу сәл кешірек қосылды. Бұл туралы ТҮКШ мамандары не дейді?
- Қазан айының басында қаладағы үйлердің 80%-ына жылу беріліп қойған. Қарағайлы ауданындағы үйлердің жылу беру жүйесі ортақ емес. Яғни ондағы пәтерлерге жылу жеке-жеке беріледі. Әркімнің өз есептегіші бар. Ортақ жүйе болмағандықтан, біраз уақыттың кеткені рас. Бірақ енді, ол ауданның тұрғындары шағымданбайды, - дейді қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Светлана Заурбекова.