Иран АҚШ базаларын атқылағаннан кейін әлемдік мұнай бағасы өсе түсті
Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларын атқылағаннан кейін WTI маркілі мұнай бағасы өсе түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат rbc.ru сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш сайт таратқан мәліметтер бойынша техастық ашық түсті мұнай бағасы ақпан айындағы фьючерстер бойынша 4% жоғары өсті. Brent маркілі мұнай 3% қымбаттады.
nasdaq.com қор биржасының мәліметтері бойынша Brent маркілі мұнай құны барреліне 68,27 доларды құрап отыр.
Ал лондондық The ICE биржасының мәліметтеріне сәйкес, WTI маркілі мұнай құны ақпандағы фьючерстер бойынша барреліне $65,46 долларды құрады.
Оқи отырыңыз