ШҚО-да 9 мың дәрігер шетелдік клиникаларды біліктілігін арттырады
Алдағы үш жылда тоғыз мыңға жуық облыс дәрігерлері озық шетелдік клиникаларда біліктіліктерін арттырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ол - Англия, Израиль, Литва, Ресей, Польша, Корея, Украина, Италия мемлекеттерінің медициналық орталықтары.
Дәрігерлерді даярлаудың үш деңгейлі бағдарламасы аясында соңғы үш жылда 5511 дәрігер, оның ішінде 276-сы әлемнің жетекші клиникаларында оқытылды.
Жалпы облыста денсаулық сақтауды дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Үш жыл ішінде 1080 бірлік жаңа медициналық жабдық сатып алынды. Роботохирургия, политравма, ортопедия және офтальмохирургия орталықтары ашылды. Сондай-ақ, Семейдегі жедел медициналық көмек ауруханасы негізінде гибридті операция залы ашылды. Алтай және Аягөз аудан орталықтарында ІІ деңгейлі инсульт орталықтары құрылды.