KZ
Өскемен
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да барлық салада оң даму динамикасы байқалады

19.02.2020, 05:51 88

Өскемен қаласында ШығысҚазақстан облысының әкіміДаниал Ахметовтің 2019 жылғы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша халық алдында есеп беру кездесуі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жалпы, 2019 жылдың 12 айында ШҚО-да барлық салада оң даму динамикасы байқалады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 109%, ауылшаруашылығы өнімдері – 104%, инвестициялар-123%, құрылыс жұмыстары – 106% артты. 27 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 4 трлн. теңгені құрады.

Айта кету керек, өңірде өткен жылы атқарылған жұмыстың басты назары әлеуметтік маңызды бағыттарды қамтыды.

Облыста денсаулықсақтауды дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылып жатыр. Үш жыл ішінде 1086 жоғары технологиялық жабдықтар алынды. Роботохирургиямен трансплантология, политравма және ортопедия, сондай-ақ офтальмохирургия орталықтары ашылды. Сонымен қатар, Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасы негізінде нейрохирургияға арналған алғашқы гибридті операциялық бөлме жұмысын бастады. Алтай жәнеАягөз аудан орталықтарында ІІ деңгейдегі инсульт орталықтары құрылды. Науқастарды ерте диагностикалау және емдеуді жақсарту үшін облыстық онкология және хирургия орталығы соңғы үлгідегі 3.0-тесла МРТ жабдықталды.  Сондай-ақ, дәрігерлерді даярлаудың үшдеңгейлі бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы жалғасуда. Үш жыл ішінде 5511 дәрігер оқытылды, оның ішінде 276-ы әлемнің жетекші клиникаларында біліктілігін жетілдірді.

Облыс әкімі атап өткендей, биылдан бастап медицина кадрларын оқыту мерзімі 3 айдан 1 жылға дейін артады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив