KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
494.87 520.65 4.91

Шығыста соңғы бес жылда өлім-жітім азайды

24.12.2019, 03:42 200

ШҚО-да ана және сәби өлімі, сондай-ақ, түрлі ауыр дерттерден болатын өлім-жітім саны азайып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аймақ басшысының айтуынша, соңғы бес жылда облыстағы медицина саласында қабылданған бірқатар шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған екен.

Осы мақсатта  үш деңгейлі бағдарлама аясында медицина саласындағы 5511 маман біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

-  Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 1086 заманауи жабдық сатып алынды. Бұл жоғары технологиялық медициналық техника көлемін 2,5 есеге арттыруға, диагностикалау мен емдеудің 130 мыңнан астам жаңа әдістерін енгізуге және халықаралық аудит міндеттерін 100% пайыз орындауға мүмкіндік берді,- деді Даниал Ахметов.

Облыста роботохирургия және трансплантология, политравма, ортопедия орталықтары, гибридті операциялық зал, үшінші деңгейдегі Инсульт орталығы ашылды. Алтай,  Аягөз аудандарында екінші деңгейдегі инсульт орталықтары құрылып отыр.

Атқарылған шаралардың нәтижесінде бес жыл ішінде ана өлімі 58,9 пайызға, сәби өлімі 28 пайызға төмендеп, қатерлі ісікке шалдыққандарды ерте кезеңде анықтау мүмкіндігі жоғарылап, осы аурудың кесірінен болатын өлім-жітім 12,5 пайызға азайған. Сонымен қатар, туберкулезден болатын өлім 78,5 пайызға, қан айналым жүйесі ауруларының салдарынан болатын өлім 6,6 пайызға азайып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу