KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Жол жүру карталары сатылымға шықты - Семей

5.01.2020, 05:16 193

Семейде жол жүру карталары сатылымға шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті.

Семейде 4 қаңтардан бастап, электронды биленттендіру жүйесі іске қосылды. Осыған байланысты жол жүру картасының сатылымы басталды. Жол картасын алмағандар «avtobys» мобильді қосымшасы арқылы төлем жасай алады. Мамандардың айтуы бойынша, транспорт картасын кондукторлардан, аялдамалардан немесе төмендегі көрсетілген мекенжайларда сатып алуға болады:

1.     «Мереке» сауда үйі – 343 квартал;

2.     «Жаңа Семей» сауда үйі – Новостройка ауданы;

3.     «Тамаша» – Ш.Уәлиханов көшесі, 147;

4.     «Еркежан» – Юность шағын ауданы.

5.     «Жансая» базарының аялдамасы;

6.     «Рассвет» сауда үйі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив