KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, С
503.35 590.63 6.62

ШҚО-ның үздік дәрігерлері анықталды

25.12.2019, 10:37 2 037

Шығыс Қазақстан облысындағы үздік дәрігерлер анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 6 желтоқсан күні «Үздік отбасылық дәрігер және оның командасы» атты республикалық конкурс жариялады. 19 желтоқсан күні 14:00-де дауыс беру аяқталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дауыс берушілердің саны 248 мың болған. Байқау нәтижесіне сәйкес әр өңірдің үздіктері белгілі болды.

Шығыс өңірі бойынша Семей қаласындағы №12 бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығының қызметкері Сайра Айтхожина мен Көкпекті ауданындағы №2 ауруханада жұмыс істейтін Сабира Зяданова үздік дәрігер деп танылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу