ШҚО-да жемқорлықты зерттейтін ғылыми орталық ашылуы мүмкін
Өскеменде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен студенттер форумы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
С.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіндегі жиын барысында жемқорлықпен күрес мәселесіне қатысты сұрақтар талқыланды. Өңірдегі білім ордаларының басшылары баяндама жасап, агенттік төрағасына ұсыныс білдірді. Мәселен Шәкәрім университетінің ректоры Мейір Ескендіров сыбайлас жемқорлық мәселесіне қатысты сұрақтарды зерттейтін ғылыми орталық ашу туралы бастама көтерді.
Жиынға қатысып отырған облыс әкімі Даниал Ахметов бұл ұсынысқа:
– Жақсы бастама. Агенттікпен бірлесе отырып, қолдау көрсетуге дайынбыз, – деп пікір білдірді.