"Жақсылық жаса". ШҚМТУ студенттері қар күреуге шықты
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері КАЕУ белсенділерінен алған «Жақсылық жаса» челленджін жалғастырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын біз Қазақстан-Американдық еркін университетінің белсенді студенттері «Үлбі» халыққа қызмет көрсету орталығының қарын күреп, ондағы қарттарға көмек көрсеткені жайлы жазған едік. Жақсылыққа жаны құштар жастар бұл игі бастаманы ШҚМТУ студенттеріне жолдаған болатын. Челленджді қабылдаған олар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Александра Глазкова және Михаил Максимовтың үйлерінің ауласын қардан тазартып, отын көмірлерін үйге кіргізіп берді.
Студенттер өскемендіктерді челленджге қатысып, зейнеткерлерге, көп балалы аналарға және аз қамтылған отбасыларға көмектесуге шақырды. "Жақсылық жаса" челленджі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттеріне жолданды.