Өскемен қаласының білім бөліміне жаңа басшы тағайындалды
Өскемен қаласының білім бөліміне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шаһардың бас педагогы Ақерке Абылайхан болды.
Ол 1997 жылы Семей мемлекеттік университетін биология және химия мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылдан 2005 жылға дейін Хемницк техникалық университетінде (Германия) оқып, жаратылыстану ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды. Сондай-ақ 2004-2005 жылдары аталмыш университеттің ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
2006 жылдан бастап 2018 жылға дейін білім министрлігінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Соңғы лауазымы – Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы.
Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.