KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО тумасы Медициналық сақтандыру қорына басшы болып тағайындалды

12.07.2020, 08:57 262

Медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы  тағайындалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы болып Болат Төкежанов тағайындалды. Айта кетсек, осы аптада Айбатыр Жұмағұлов бұл лауазымнан босатылған еді.

Болат Төкежанов 1972 жылы 19 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1994 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын "Экономист" мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебінде мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесін алды.

Дьюка, Дарем, Солтүстік Каролина, АҚШ-та Стэндфорд университетінің мемлекеттік саясат мектебінде, сондай-ақ,  Сингапурдағы Ли Куан Ю  атындағы Ұлттық Университеттің мемлекеттік саясат мектебінде білім алған.

Болат Төкежанов Қазақстанның салық қызметі жүйесінде жұмыс тәжірибесі бар, ШҚО-дағы денсаулық сақтау ұйымдарын басқарды. Одан кейін Денсаулық сақтау министрлігінде басшылық лауазымдарда қызмет етті. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу