Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жаңа басшы келді – Өскемен
Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жаңа басшы келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Дербес бөлімді Альмира Мусинова басқарады. Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, Альмира Мусинова 2001 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Дүниежүзі тарихы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2006 жылдан бері Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органдарында жұмыс істеді. Айталық білім бөлімінің жетекші маманы, әкім кеңесшісі сынды лауазымдарда болды.
Ал аталмыш бөлімге басшылық қызметке келердің алдында Альмира Мусинова қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы болған.