Семейде жүріп келе жатқан көлік жанып кетті
Семейде тағы да көлік жанып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.Бұл туралы қалалық Төтенше қызметі мәлімдеді.
Оқиға 8 желтоқсан кешке Дулатов көшесі мен Шәкәрім даңғылының бойында болған. Құтқарушылар тобының ақпаратына сенсек, «ВАЗ 21099» маркалы көліктің моторы жанып кеткен. Өрттің жалпы ауданы - 1,5 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Мамандар, өрттің шығуына қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз қолданған деп болжам жасады.
Оқи отырыңыз